Метеоролог мамандар 25-27 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамы қазақстандықтарды көктемгі жылу және шуақты күнмен қуантады.
Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде
ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек жекелеген аудандарда
түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр, желдің
күшеюі күтіледі.
Оның ішінде 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі, таулы
аймақтарда тұман болады.
Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді. Республиканың
батысында термометрлер бағандары: күндізгі уақытта 12-26 жылы,
солтүстік-батыста 5-20 жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15
жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25 жылы, таулы аймақтарда
8-13 жылыға жетеді.