Тәуелсіздік алғалы 136 банк лицензиясынан айырылған – Ranking

0
110
Сурет: halykbank.kz

Банк секторының тұрақтылығы — ел экономикасының дамуының негізі. Алайда қаржы реттеушісі банктердің лицензиясын қайтарып алып, оларды таратуға мәжбүр болатын кездер де болады. Мұндай жағдайларда банк салымшылары да, жалпы экономика да тәуекелге ұшырайды. 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 136 банк таратылған, тағы 9 ЕДБ (Екінші деңгейдегі банктер) таратылу процесінде. Бұл банктердің 90%-дан астамы 2001 жылға дейін таратылған.

Аталған ЕДБ-нің 64%-ы соттан тыс тәртіппен, 17%-ы сот тәртібімен, 14%-ы мәжбүрлі түрде, 5%-ы ерікті түрде таратылған.

Соңғы рет 2021 жылы екі ЕДБ — Asia Credit Bank және Capital Bank Kazakhstan банктерінен лицензия қайтарып алынды, оның алдында 2020 жылы — Tengri Bank лицензиясынан айырылды.

Лицензияларды қайтарып алудың себептері әр түрлі болады.

Мысалы, жоғарыда аталған банктердің лицензиясынан айырылуына мыналар негіз болды:
• пруденциалдық нормаларды және (немесе) басқа да міндетті нормалар мен шектерді жүйелі түрде бұзу;
• қадағалау шараларын жүйелі түрде сақтамау;
• банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын сақтамауы;
• банкті дәрменсіз санатқа жатқызу.

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанның банк секторы тұрақты, оны халықаралық рейтингтік агенттіктер бірнеше рет растады: олардың талдаулары ҚР КДБ дағдарысқа төтеп беру қабілетінің жақсарғанын растайды.

Ірі ЕДБ — ең тұрақты және ең сенімді банктер. Мәселен, ЕДБ активтеріндегі 10 ірі банктің үлесі 92,4%, меншікті капитал бойынша топ-10 банктің үлесі 93,2%.

Активтер бойынша алғашқы ондыққа мына банктер кірді: Halyk Bank, Kaspi Bank, ЦентрКредит банкі, Отбасы банкі, ForteBank, Jusan Bank, Еуразиялық Банк, Bank RBK, Bereke Bank және Фридом Финанс Қазақстан банкі.

Ал реттеуші меншікті капитал бойынша алғашқы ондыққа Halyk Bank, Jusan Bank, Kaspi Bank, Отбасы банкі, Bank RBK, Еуразиядық Банк, ЦКБ, ForteBank, Ситибанк Қазақстан және Home Credit Bank кіреді.

Осылайша, елдің ірі банктері орта мерзімді перспективада тұрақтылығын сақтап, өз функцияларын толық көлемде атқаратын болады. Мұндай банктер үшін банкроттық қауіп жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз