Биыл Меккедe қажылықты 10 мың адам өтейді

0
127
Photo: centralasia.media

29 шілде күні Меккеде мұсылмандардың бес парызының бірі қажылық басталды. Биыл Қағбадағы құлшылықты алғаш рет 10 мың адам ғана өтейді. Олар Сауд Арабиясы азаматтары мен ондағы шетелдіктер.

Сауд Арабиясы пандемияға байланысты биылғы қажылықтың “шектеулі жағдайда” өтетіндігін мәлімдеген. Жыл сайын өтетін бес күндік жоралғыға тек ел аумағында орналасқан өздерінің және шетелдік қажыларға қатысуға рұқсат етілген.

Сауд Арабия билігі көктемде қажылыққа барғысы келген әлем мұсылмандарын бұл жоспардан бас тартуға шақырған. 20 наурызда пандемияға байланысты ғасырлар бойы алғаш рет екі негізгі Ислам мешіті – Меккедегі қорық мешіті мен Мединадағы Пайғамбар мешіті белгісіз уақытқа толығымен жабылған.

Вирусқа қарсы қауіпсіздіктің барлық шараcы қабылданып, діни жоралғылар тарихында алғаш рет қажылық ерекше жағдайда өтпек. Сауд Арабия билігі қажыларға әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскада болуға және 20-дан астам адамға жиналмауға кеңес берді.

Мұсылмандар Қағбаға қол тигізе алмайды, бірақ қажылықтың онлайн-көрсетілімі бүкіл әлем бойынша өтеді.

Осы жылы қажылықты он мың адам жасайды. Оның 3 мыңы – Сауд Арабия азаматтары, ал 7 мыңға жуығы – Cауд Арабия аумағында тұратын шетелдік студенттер, іссапарда жүргендер. Қажылыққа баратындардың барлығы коронавирусқа тест тапсырып, қажылыққа дейін және кейін екі апталық карантинді сақтау туралы қолхат берген.

Қажылардың 30 пайызы коронавирустан емделген дәрігерлер мен полиция қызметкерлері екендігі туралы ақпарат бар. Осылайша, Сауд Арабия билігі COVID-19-ға қарсы күрескендерге алғыс білдерген.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Сауд Арабиясында коронавирус инфекциясын 270 мыңнан астам адам жұқтырған, 2700 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз