31 шілдеде Қазақстанда 2414 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырғандар саны аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 947
- Алматы қаласы – 464
- Шымкент қаласы – 18
- Ақмола облысы – 101
- Ақтөбе облысы – 12
- Алматы облысы – 44
- Жетісу облысы – 42
- Атырау облысы – 41
- ШҚО – 8
- Абай облысы – 35
- Жамбыл облысы – 71
- Батыс Қазақстан облысы – 40
- Қарағанды облысы – 367
- Ұлытау облысы – 17
- Қостанай облысы – 26
- Қызылорда облысы – 52
- Маңғыстау облысы – 18
- Павлодар облысы – 55
- СҚО – 27
- Түркістан облысы – 29
Елімізде жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 352 594 жетті.