Теміртаудағы тұңғыш президенттің тарихи-мәдени музейінде жаңа экспонаттар пайда болды, оның құрамына Елбасының ең алғашқы қызметтік көлігінің бірі қойылды.
Tengrinews.kz хабарлауынша, 2005 жылы жарыққа шыққан Mercedes Benz S600L маркалы автокөлін музейге Президент аппараты табыстады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев іс-сапарға шыққан алғашқы көліктердің бірі.
“Көлік жүріп тұрғанымен техникалық паспорты бойынша жөндеу жұмыстары әлі біткен жоқ. Мұнда кранмен қоса лоббиге тиеп, арнайы жол арқылы кіргіздік. Қазғалтқыштың көлемі 5 513 текше сантиметр. Оған арнайы қорғау жүйесі орнатылды”, – дейді орталықтың ғылыми қызметкері Андрей Каваев.