Заманауи музыка- елдегі проблемалардың айнасы. Бүгінгі әншілердің көтеретін мәселелерінің басым көпшілігі осы әлеуметтік және саяси проблемалар айналасында өрбіп жатыр. Тректер арқылы заманауи орындаушылар жастардың санасына ықпал етіп жатқаны рас.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында: “Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек” деп атап өткен. Бұл мәлімдеме қазақстандық мәдениеттің, соның ішінде заманауи музыканың, жаһандық деңгейде танылуының маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі таңда, отандық әндер тек қана өз елімізде емес, алыс-жақын шет елдерге де таралды. Олардың арасында жастар қауымына ерекше ұнаған «Ирина Кайратовна» және «Ninety One» топтары әуезді ән мен мағыналы мәтінді ұштастыра отырып, қазақстандағы өзекті мәселерді көтеруде. «ИК-5000» трегіне түсірілген бейнебаян 2020 жылы орын алған қасіретті саяси және әлеуметтік мәселелер, соның ішінде репрессия, жемқорлық, оппозиционер Заманбек Нұрқаділовтің өлімі сияқты қазақ тарихының қаралы беттері көрсетілген. Бұл таспа барлық қазақстандықтар арасында резонанс тудырып, миллиондаған қаралым жинады. Сонымен қатар, Q-pop жанрының жұлдыздары 91 тобыда әндерімен мыңдаған көрермен көзаймына айналды. Олардың «Bari biled» өлеңі елдегі және барлық планетамыздағы өзекті мәселе экология туралы сөз қозғап, музыка индустриясын дүр сілкіндірді.
Күнтізбеміздегі өзекті мәселердің алғашқыларының бірі болып зорлық-зомбылық пен ажырасу тұрғаны мәлім. Бұл туралы XXI ғасыр әншілері біршама өлең шығарды. Мысалы, Taspay «Оралма қашқын», 91 «Jur mapelep» деп үй ішіндегі түсініспеушіліктер, ажырасу туралы ән шырқап, тыңдаушыларға мәселенің өзектілігін жеткізе алды. Taspay өлеңінде: «Оралма қашқын, Артыңа қарамай қаштың, Тұншықтырды лас сөз тасқыны мына басыммен толтырдың тура жер астын» деп, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс, ажырасу туралы айтады. Статистика бойынша Қазақстан ажырасу санынан екінші орынды иеленген.
Мерейлім Асқарбек