Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

0
70

Елорда басшысының өкімімен Асқар Амрин Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек Асқар Амрин еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта заңгер- консультант ретінде бастаған.

1997-2001 ж.ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарды иеленген.

2001-2003 ж.ж. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары.

2003-2006 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007-2009 ж.ж. «Lancaster Invest» АҚ-да түрлі лауазымдарды иеленген.

2012 ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы.

2012-2016 ж.ж. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры аппаратының басшысы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2017 жылғы 9 қазанда Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз