Жылдағы үрдіс бойынша еліміздің басты шыршасын жағу салтанатты шарасы биылғы жылы Экспо көрмесі аумағында «Нұр Әлем» сферасының жанында болып өтті.
Еліміздің басты шыршасының ЭКСПО көрмесі аумағында орналасуы кездейсоқтық емес. Шыршаның Елорда хылқы үшін ғана емес барша қазақстандықтар үшін символдық мәнге ие ЭКСПО көрмесі аймағында орналасуы ел тұрғындары үшін маңызды.
25 метр биіктіктен тұратын шыршаны 6 мыңнан аса шармен, 200 мыңнан астам жарқылдаған шаммен және жылтырақтар мен әдемі ілмектермен безендірген.
Алдын хабарлағанымыздай, шыршаның салтанатты ашылу шарасына келген қонақтарға «I’m a Singer Kazakhstan» жобасы финалистері жанды дауыста ән шырқап, «Ringo» тобы өнер көрсетті.
Жұртшылық шараға ұйымдастырылған мерекелік бағдарламадан бөлек отшашуды тамашалады. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында ірі мұз қалашықтары ашылды.
Жадыра Аманбайқызы