Түркияда қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

0
133

Анкарадағы Қазақстан мәдениеті мен киносы күндері аясында қылқалам шеберлері Гүлмарал Тәтібаева мен Наталия Баженованың FriendShip көрмесі ашылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Көрмеде әр түрлі стиль мен жанрда орындалған жұмыстар ұсынылды, бірақ олар бір тақырыпты қамтиды, ол – көшпенділер өркениетін танытатын саяхат кемесі.

«Көрменің атауының өзі барынша мәнге ие. FriendShip сөзі «достық» деген мағынаны білдіреді, яғни  ағылшын тіліндегі бұл сөз Friend- «дос», Ship- «кеме» деген екі түбірден құралған. Біздің көрмеміз аталған кеме идеясымен біріктірілген. Кеме бізде өмірдің сынақтарына қарамастан, оларды жеңіп әрі қарай жүзіп кететін адам символы ретінде. Яғни адам әрдайым қиындықтарды еңсеру үшін  өз бойынан күш-жігер табуы керек», – дейді көркем экспозициялар авторының бірі Н. Баженова.

Сонымен қатар көрмеде қолөнерден жасалған өнер туындылары да ұсынылды.

«Тақырыптық жұмыстардан өзге біздің өлкеміздің табиғи сұлулығын бейнелейтін натюрморттар да бар. Біз осы жобаны Түркияда көрсету үшін біраз тер төктік, бізге көмек қолын созған вице-министрге және Түркия елшілігіне алғыс білдіреміз», – дейді Н. Баженова.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова көрмеде ұсынылған картиналар Қазақстан мәдениетін бейнелейтінін атап өтті.

Сабина Сайлаубай

суреттер Қазақпараттан алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз