Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ақорда таратқан ақпарат бойынша Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған.