Астанадағы вокзалға да “Нұр-Сұлтан” аты берілді

0
276

Қазақстан астанасындағы теміржол вокзалының аты “Нұр-Сұлтан” болып өзгерді. Бұл туралы қаулы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында жарияланды.

Министрліктің мәлімдеуінше, вокзал атын өзгерту шешімін үкімет қабылдаған. Қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енетіні айтылған. Қаулы жобасы әуелде көпшілік талқысына ұсынылып, 16 сәуір талқылаудың аяқталатыны мерзімі ретінде көрсетілген. 2 сәуірде вокзал атын өзгерту туралы қаулы жобасы нормативтік-құқықтық актілер электрондық базасында жарияланған.

23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа қол қойған. Екі жыл бұрын Астана әуежайына да Назарбаевтың аты берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз