21 сәуір күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан әуежайында Оңтүстік Корея президентін Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған делегация қарсы алды.
Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин бұған қоса, Қазақстан-Корей бизнес форумына қатыспақ.