Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев студент болмай тұрып институттағы тамыр-таныстықпен бетпе-бет келгенін мәлімдеді.
Елбасының баспасөз қызметі instagram-дағы парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзінді жариялады. Шағын видеода Қазақстанның тұңғыш президенті неліктен ұшқыш бола алмағанын әңгімелеп берген.
View this post on Instagram
“Бұл медаль иегерлері де емтихан тапсыратын 1958 жыл еді. Мен сол кезде институтта алғаш рет тамыр-таныстықпен бетпе-бет келдім. Алматыда ешқандай танысымыз болмады. Әкемнің ұлым оқуға түсетін еді деп айтатын ешкімі жоқ болатын. Қолынан келген жалғыз мүмкіндік – танасын сатты. 2300 рубль болды, осы ақшаны берді де: “Бар, оқы” деді. Мен конкурстан өте алмадым”, – деп еске алды Елбасы.
Назарбаевтың айтуынша, бұл оның өміріндегі алғашқы соққы болды. Бұған дейін үнемі жолы болып жүрген.
“Олай болады деп ойламадым, өйткені барлық пәнді жетік білдім. Басқа біреу өту үшін, (тіпті мен оның кім екенін де білемін) аяғымнан шалды. Ол бір бастықтың баласы еді”, – дейді ол.
Болашақ президент бастапқыда құжаттарын химия факультетіне тапсырыпты. Сол жерде алғашқы пәннен емтиханға кіргеніннен-ақ бір химиктің көзіне түскен.