Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовті елдің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Тоқаевтың жарлығы 20 тамызда Ақорда сайтында жарияланды.
51 жастағы Нұрымбетов бұл қызметке тағайындалғанға дейін Кәсіподақтар федерациясы жетекшісінің бірінші орынбасары болған. Оған дейін ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған.
Осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Сапарбаев 20 тамызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.