Сүлейменов ҚР президентінің көмекшісі болды

0
73
дереккөзден

ҚР президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

“Сүлейменов Тимур Маратұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып таңайындалсын”, – деп хабарланады өкімде.

Аталған лауазымнан басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ерұлан Жамаубаев босатылды. Бұл туралы өкімде хабарланады.

2 наурыздан 22 наурызға дейін Сүлейменов ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

Т.Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін (2000 ж) “Менеджмент” мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002 жылы “Болашақ” бағдарламасымен  Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілік мамандығы бойынша аяқтаған. “Қаржы” бойынша бизнес магистрі.

Еңбек жолын Алматыдағы “Эрнст энд Янг Казахстан” аудиторлық компаниясында бас кеңесші болып бастаған. “ҚазМұнайГаз Өндіруді барлау” АҚ-да салықтық есеп пен салықтық жоспарлау департаментінің директоры болды.

2009-2010 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі , 2010-2012 жылдары ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі болды.

2012-2017 жылдары Еуразия экономикалық коллегиясы комиссиясының экономика және қаржы саясаты бойынша мүшесі болды.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың ақпанына дейін ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз