5-6 ақпанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық терроризмге қарсы құрылымын атқарушы комитетінің жаңадан тағайындалған директоры Жумахон Гиосовтың Астана қаласына ресми сапары өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі брифингте мәлімдеді.
Сапар барысына Жумахон Гиосов еліміздің бірқатар мемлекеттік органдарын аралап, Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездеспек.
Кездесулер шеңберінде тараптар терроризм, сеператизм экстремизмге қарсы тұру, маңызды обектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ауғанстан байланыс тобы арқылы ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады.