24-25 қаңтар күндері елордада Сирия мәселесі бойынша «Астана форматындағы» кепілгер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес 21-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозициясының делегациялары қатысады. Ал бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан, сондай-ақ БҰҰ, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері атсалысады деп күтілуде.

Алдын ала күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту, САР-дағы кешенді реттеу жөніндегі күш-жігер, Сириядағы гуманитарлық ахуал және Сирияны жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың көмегін жұмылдыру және т.б. мәселелер енгізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз