Тоқаев тұңғыш президент күнін мейрам санатынан алу туралы заңнамалық өзгеріске қол қойды

0
221
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйекте Республика күнін қайтару және тұңғыш президент күнін мейрам санатынан алу туралы заңнамалық өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанда тұңғыш президент күні 2011 жылдан бері атап өтіліп келген. Депутаттар бұл датаны елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “мемлекет алдындағы еңбегін таныту мақсатында” мемлекеттік мереке деп жариялаған еді.

Ал 1990 жылғы 25 қазанда егемендік декларациясы жарияланған күн елде 2009 жылға дейін “Республика күні” ретінде аталып келген еді. Кейін бұл мереке қоғам қарсылығына қарамастан күнтізбеден алынған.

Ресми мәлімет бойынша 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасынан соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреп, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейді. Содан бері елде “Назарбаев атауларынан арылу” тенденциясы байқалады. Қыркүйек ортасында Қазақстан астанасы “Нұр-Сұлтан” атауын өзгертіп, Астана боп бұрынғыша атала бастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз