Астана Еуропа лигасында Спортингке есе жіберді

0
125
(фотолардың авторы: Тұрар Қазанғапов)

УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астана» футбол клубына 1-3 есебімен есе жіберді.

УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчы Қазақстан астанасында ойналды.

«Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 22:00-де басталған матчта елімздің төрт дүркін чемпиондары «Астана» футбол клубы Португалияның даңқты командаларынан Лиссабонның «Спортингін» қабылдады.

Алаң иелері ойынды шабуылда бастады. 7-ші минутта көзген түскен хорват легионер Марин Томасовтың голынан кейін «Астана» алға шықты. Қонақтар жасанды алаңда үйреншікті ойындарын көрсете алмай әлек болды. Ал жергілікті команда бірінші таймда өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Бірінші таймда есеп өзгермеді.

Ойынның екінші жартысында шабуылдарын үдете түскен «Спортинг» 8 минутта соққан 3 голымен (48-мин – Бруно Фернандеш, пенальти; 50-мин – Жельсон Мартинс; 56-мин Сейду Думбия) «Астананы» сабасына түсірді.

Қырсыққанда алаң иелері оның 62-минутында 10 ойыншымен қалды. Ақтөбелік қорғаушы Юрий Логвиненко екі сары қағаз алып, ойыннан қуылды.

Чемпиондар лигасында Барселона мен Ювентуспен иық тірескен португалиялық команда ойынның қалған уақытында «Астананың» он ойыншымен жасаған шабуылдарына қиналмай тойтарыс бере алды. Плей-оффтың алғашқы матчы 1-3 есебімен Лиссабондық клубтың жеңісімен аяқталды.

Реванш-матч келесі бейсенбі 22 ақпан күні Португалияның бас қаласы Лиссабонда өтеді.

«ДЕМЕУШІМІЗ БІЗДІ ЕУРОПАДА КӨРГІСІ КЕЛМЕЙДІ»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов ойыннан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында командасының матчты жақсы бастағанын және бірінші таймда есепте еселеуге де, үшінші гол соғуға да мүмкіндік болғанын қынжыла жеткізді. Лиссабондық команданың қысқы үзілісте 40 миллион евроға трансфер жасағанын атап өткен болгариялық бапкер «Астананың» ішкі біріншілік ойыншыларымен ғана құрам жасақтай алғанын мәлімдеді.


Осыдан бір апта бұрын ел чемпионы Джуниор Кабанангамен қош айтысқан еді. Конголық шабуылшы 2 миллион евроға Саудияның әл-Наср клубына көшкен болатын.


Стоилов:

Түсінгенім, демеушілеріміз бізді Еуропада көргісі келмейді.. Жыл бойы ақшамызды ала алмай дал болдық.. Қалай жұмыс істейміз? Бұл жағдайда ойыншыларымды не бетіммен жазалаймын? Оларға не деп айта аламын? Футбол болғанын қаласаңыздар, адамдарға тапқан ақшасын беріңіздер. Ойыншыларға сыйлықақылары мүлдем төленген жоқ. Еуропада біреу мұны естісе, осындай команданың бірдеңеге жетіп жүргеніне сене алмас еді. Мұндай жағдайда футболшылармен қалай жұмыс істей аламын? Айта-айта жалықтым. Спортингпен болатын екінші ойыннан кейін болашағым туралы ойлайтын боламын.

деп мәлімдеме жасады.

Ерлан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз