Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан көкпардан чемпион атанды

0
207
фото: mk-turkey.ru

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық спортшылар көкпардан чемпион атанды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар финалда Қырғызстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде қазақстандықтар қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, ел құрамасы топтық кезеңде Өзбекстанды 8:1, Моңғолияны 12:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, бүгін көкпардың қырғызстандық нұсқасы саналатын көкбөрү спортынан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездеседі.

Оған қоса қазақ күресінен ел құрамасынан ерлерден Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары), Еламан Қойшыбаев (80 келі) бозкілемге шықса, әйелдерде Рауза Нұрмахамметова (55 келі), Зарина Сарипова Зарина (65 келі), Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) жүлделерді сарапқа салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын аталған додада Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан күміс алды.

Ал қазақ күресінен Марат Нығматуллаев ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз