Футбол: Чемпиондар лигасының финалы «Стад де Франс» стадионында өтеді

0
294

25 ақпанда УЕФА атқарушы комитеті ерлер арасындағы чемпиондар лигасының 2021/22 жылғы финалын Санкт-Петербургтен, Сент-Денидегі “Стад де Франс” стадионына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ойын жоспарланғандай сенбі, 28 мамырда өтеді. Бұл туралы uefa.com сайты хабарлады.

Еуропадағы қауіпсіздік жағдайының күрт шиеленісуіне байланысты бүгін УЕФА атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Нәтижесінде финалдық ойын Ресейден Францияға ауыстырылды.

“Франция үкіметімен бірге УЕФА Украинада қорқынышты жағдайға және қоныс аударуға тап болған футболшылар мен олардың отбасыларын құтқару үшін көп тарапты күш-жігерді толығымен қолдайды”- делінен хабарламада.

Бұдан бөлек шешім бойынша УЕФА жарыстарына қатысатын ресейлік және украиндық клубтар мен ұлттық командалар өз алаңындағы матчтарын бейтарап стадиондарда өткізуге міндетті болады.

*УЕФА – Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз