Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Tengri Sport сайты хабарлады. 

14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі. Шара барысында, президенттікке кандидаттар ұсынылған.

«Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Головкиннің кандидатурасын ұсынды», – делінген комитеттің ҰОК бас ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз