Көкпардың халықаралық ережесі бекітілді

0
249
Көкпар

Астанада әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесінде көкпардың халықаралық ережесі бекітілді. Бұл туралы ҚР “Көкпар” федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков хабарлады.

“Бүгін көкпардың халықаралық ережесі бекітілді. Басқа елден келген ұлттық федерациялардың бәрімен көкпардың ережесін талқылап, мақұлдап, бәрі де бір ауыздан қолдап отыр. Құжатқа қол қойылды”, — деді Мұхтархан Ділдәбеков.

“Бұрыннан белгілі, 15-20 жылдан бері қазандықпен көкпар ойнап жүрген болатынбыз. Жаңа ереже бойынша қазандық алынып тасталды, оның орнына шеңбер қойылады. Сонымен бірге, көкпаршылар тірі серкемен ойнап шауып жүрген. Халықаралық жан-жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының қағидаларына қайшы келмес үшін муляжбен ойнайтын боламыз. Көкпар ойнайтын алаңның ұзындығы — 200-220 метр, ені 65-70 метр болып бекітіліп отыр. Көкпарды жасөспірімдер, жастар және ересектер ойнайды. Сол себепті, жас санатына қарай алаңның да ұзындығы әртүрлі болады”, — деді ол.

Мұхтархан Ділдәбековтың айтуына қарағанда, көкпарды ойнау уақыты бұрынғыша 20 минуттан екі тайм күйінде қалады.

Көкпардың халықаралық ережесіне хаттама негізінде жоғарыда аталған 10 елдің ұлттық федерация басшылары қол қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз