Ким Чен Ын 1953 жылы соғыс аяқталғаннан кейін Оңтүстік Кореяның шекарасын кесіп өткен Солтүстік Кореяның алғашқы көшбасшысы.
Солтүстік Корея басшысы 27 сәуір жұма күні таңертең корейаралық шекараны кесіп өтті. Бұл 1953 жылы коорейаралық соғыс аяқталғаннан кейінгі (корейаралық қақтығыстың аяқталғандығы туралы ресми түрде жарияланбаған) КХДР президентінің Оңтүстік Корея шекарасынан алғаш рет енуі. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Пханмунджом демилитаризацияланған келіссөздер пунктінде КХДР президентін күтіп алды.
Қос саясаткер қол алмасып, Оңтүстік Корея басшысы тарихи кездесуге қуаныш білдірді. Ким Чен Ын КХДР делегациясы «бейбітшілік пен татулық жолында жаңа тарихтың басталғанын сезініп» келгенді турасында айтты. Өз кезегінде Оңтүстік Корея президенті Солтүстік Корея жетекшісін келісімге қол жеткізуге шақырды. «Егер біз шынайы келіссөз жүргізсек, онда өз халқымызға, әлемге, бейбітшілік орнатуға талпынатын адамдарға үлкен сыйлық жасаған боламыз», деп мәлімдеді.
Ким Чен Ын Оңтүстік Корея басшысымен кездесуін жаңа тарихтың, әлемдегі жаңа дәуірдің басталғанын мәлімдеді.
Қос Корея басшылары татулықтың белгісі ретінде қол ұстасып Солтүстік Кореяға кейін қайта Оңтүстік Корея шекарасына өткен.
Пханмунджом татулықтың символы
Солтүстік Корея басшысы демаркациялық сызықтан өткен сәттен бастап Пханмунджом демилитаризацияланған аймақ емес, татулықтың символы ретінде қалыптасты.
Бұл қос Корея мемлекеті басшыларының соғыс аяқталғаннан кейінгі 2000 және 2007 жылғы саммитті қоспағанда үшінші кездесуі. Сондықтан әлемдік қауымдастық 2018 жылғы кездесуді тарихи оқиға деп атап отыр.
Сеул халқы саммиттен үміт күтеді
Сеул тұрғандары Корея президенті мен КХДР арасында өтетін самиттен үлкен үміт күтеді. Қазіргі уақытта Сеул халқы екі мемлекет басшыларының кездесуіне қолдау білдіретін шараға қатысуда.
Келіссөздер шынайылықпен, бейбіт жолмен, сәтті аяқталар болса, бүкіл әлемді аузына қаратып отырған Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары, шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастан бөлек екіге айрылған кәріс халқының, туыстардың қайта табысуына мүмкіндік береді.
Корейаралық саммитке АҚШ-тың көзқарасы
АҚШ Солтүстік Корея басшысының Оңтүстік Кореяға сапарын құптайды. Ақ үй бұл келіссөздер Корей түбегінде бейбітшілікке қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдіреді. Вашингтон сондай-ақ алдағы уақыттағы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуіне дайындық жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.