Майкл Помпео – АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы

0
179
дереккөзден

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео ресми түрде қызметіне кірісті. Ант қабылдамай тұрып, екі сағат бұрын Помпеоның кандидатурасын АҚШ Конгрессі Сенаты мақұлдады.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, жаңа мемлекеттік хатшының кандидатурасын қолдап 57 дауыс берілсе, қарсы шыққандары – 41. Пампео АҚШ-тың 70-ші мемлекеттті хатшысы. Бұған дейін аталған лауазымды Рекс Тиллерсон атқарды, осы жылы АҚШ президенті Д. Трамп Тиллерсонды отставкаға жіберді.

Пампеоның жаңа лауазымдағы алғашқы сапары – жұма күні Брюсселде өтетін НАТО саммиті. Аталған сапардан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Сауд Арабиясына, Иордания мен Израильге жол тартады.

Бұған дейін Пампео Орталық Барлау Басқармасының директоры қызметін атқарды. Президент Д. Трамп Помпеоны жаңа қызметімен құттықтап, оны «талантты, қуатты және ақылды патриот» деп атады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз