Жапонияның Әділет министрлігі 2 адамды дарға асты

0
13

Жапонияның әділет министрлігі бір жыл ішінде 15 қылмыскерді дарға асқан. 27 желтоқсан Жапония Әділет министрі Такаси Ямаситаның бұйрығымен тағы 2 адам өлім жазасына кесілді. Қазіргі уақытта 100-ден астам адам жасған қымыстары үшін өлім жазасын күтуде.

27 желтоқсанда өлім жазасына кесілген адамдардың аты-жөні құпия сақтаулы.

Жапонияда өлім жазасы соңғы рет шілде айында 7 адамға қолданылған болатын. Жазаланушылар Жапония заңымен тыйым салынған “Аум Синрике” сектасының бұрынғы басшылары.

Бұған дейін Иранда 2 адамды сыбайлас жемқорлыққа байланысты дарға асылған болатын. Сонымен қоса, Беларусия Республикасында да 2 қылмыскерді өлім жазасына кескен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз