Астанада құрбан малының бағасы қанша?

0
183

Оқи отырыңыз: Құрбан айт туралы не білуіміз қажет?

Мұсылмандардың құрбан айт мерекесіне санаулы күндер қалды. Мейрам еліміздің мүфтияты хабарлағандай тамыздың 21 күні басталады. Құрбанға шалынатын мал бағасын анықтау мақсатында Астана қаласының шетінде орналасқан Алтын таға мал базарына келдік.

Биыл арнайы құрбан айт үшін Алтын таға базары 3000 мың ұсақ мал және 150 ірі қара дайындап отыр. Бұл жұмысқа жауапты Қайрат Қойшыбаевтың айтуынша былтыр тек еркек ірі қара (бұқа) сатылған көрінеді. Алайда тұрғындар тарапынан ұрғашы малға да сұраныс болған соң биыл теңдей бөліп 75 бас ұрғашы, 75 еркек ірі қара әкелетінін айтты. Ірі қараның құны 240-250 мың теңге.

Ұсақ малдың бағасына тоқталар болсақ 25 мың теңгеден басталады. Бұл дегеніміз былтыр қыста туған қозылар. Одан үлкендеу тұсақтың құны 30 мың теңге. Ал денесі ірі екі жасар қойды 40 мың теңгеге ала аласыз. Бағасының әркелкі болуы қойдың жасы мен семіз, арық екендігіне де байланысты.

Айта кететейік, арнайы құрбан айтқа сойылатын қой мен сиырдың саудасы 18-19 тамызда басталады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз