20 сәуірде жұмысы жалғасатын кәсіпорындар белгілі болды

0
78
Төтенше жағдай режиміндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы. Photo: primeminister.kz

Төтенше жағдай режиміндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында 20 cәуірден бастап жұмысын жалғастыратын кәсіпорындар белгілі болды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
  • көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
  • автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
  • екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
  • нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
  • тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

Комиссия шешіміне сай, жұмысы қайта жанданатын нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз