2019 жылы қанша қазақстандық шетелге қоныс аударды?

0
478
2019 жылдың алғашқы үш тоқсаны бойынша Қазақстаннан 34,2 мың адам шет елдерге қоныс аударды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,3% – ға артық.
Сонымен қатар, ҚР – на небәрі 8 мың адам келді. Өткен жылмен салыстырғанда 14,4% – ға аз (9,3 мың адам). Бұл көші-қонның тепе-теңдігін 26,2 мың адамға дейін арттырып, теріс нәтиже көрсетуде.

Шет елге қоныс аударушылар қала тұрғындары: 28,8 мың адам, немесе көшкендердің 84,1% құрайды. Ал ауыл тұрғындарының ішінде 5,4 мың адам.

Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей (30,4 мың кетті, 2,2 мың келді),  Германия (2,1 мың адам кетті), Беларусь (297 адам кетті), АҚШ (190 адам кетті), Қытай, Израиль, Түркия, Канада елдеріне қоныс аударған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз