Қаңтардан бастап сақтандыру қызметтері онлайн тәртібінде істейді

0
262
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру қызметі онлайн тәртіпте қызмет көрсететін болады.
«Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру келісімшартын онлай режимде жасай алады» – деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Заңымен онлайн-сақтандыруға және электрондық нысандағы сақтандыру полисінің заңдылығын бекітуге қатысты заңнамалық түзетулер 2018 жылдың 2 шілдесінде заңмен бекітілген.
Ұлттық банк енді міндетті сақтандыру бойынша келісімшарт қағаз жүзінде жасалмайтындығын айтты:
«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымдардың клиенттері сақтандыру келісімшарты мен полисін интернет-ресурстар арқылы электронды түрде жасай алады. Келісімшартты электронды түрде бекіту мүмкіндігі міндетті және өз еркімен жасалатын сақтандырудың барлық түріне енгізіледі».
Сақтандырушы өзінің базасында клиенттен түскен сақтандыру жасау өтініші мен төлемін қосады. Содан кейін бұл мәліметтер сақтандырудың бірыңғай деректер базасына (СБДБ) тіркеуге жіберіледі. Деректер базасы келісімшартты тіркеп, тіркеудің растығы үшін сақтандырушыға келісімшарттың бірегей нөмірін жібереді де, клиент пен сақтандыру компаниясының арасында келісімшарт бар деген жазбаны сақтап қояды.
Сонымен қатар, полисті тікелей сақтандыру компаниясының сайты арқылы сатып алғанда сыйақы көлемінен 10%-ға дейін жеңілдік алуға болады. Заң жобасында адамдар полисті интернет арқылы өздігінен сатып ала алатындай экономикалық тетік қарастырылған.
Аяжан Мадибекова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз