Аяздың күшеюіне байланысты Астанада кейбір көлік тұрағы тегін болады

0
103

6-7 ақпан күндері “Нұржол” желекжолында, ескі вокзалда, әуежайда көлік тұрағы уақытша тегін болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

“Астананың көлік тұрағы кеңістігі” ЖШС мәлімдегендей, “Нұржол” желекжолындағы көлік тұрағын пайдалану уақытша тегін болады.

“Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыз кезеңінде, яғни осы жылдың 6-7 ақпанында “Нұржол” желекжолындағы көлік тұрағын пайдаланғаныңыз үшін ақы төлемейтініңізді хабарлаймыз”, – делінген компанияның хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз