Астанада LRT құрылысына байланысты кейбір жолдар уақытша жабылады

0
31

Әкімшілік баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл рельсті транспорт (ЖРТ) желісін салу аясында Қалдаяқов көшесін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай қала ішіндегі бірқатар маңызды көшелерде көлік қозғалысы уақытша  шектелетін болады.

Тәуелсіздік даңғылы қиылысы мен Қалдаяқов көшесі 7-18 қазан аралығында уақытша шектелетін болса, Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылы мен Нәжімеденов көшесінен М-3 көпіріне дейінгі аралықта 7 қазаннан жыл соңына дейін қозғалыс шектеледі.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз