Қазақстанда ЭСҚ-дан (ЭЦП) бас тарту жоспарлануда

0
77

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны жойып, орнына барлық тіркелу қызметтері үшін бір реттік кілтсөз қолдану жоспарланып жатыр.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, аутентификация әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін немесе бірегей сәйкестендіру нөмірін пайдалану арқылы электрондық қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдету ұсынылды.

“Бұл әдіс Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты дамыған елдерде қолданылады. Қазақстанда SMS-парольдер 64 мемлекеттік қызмет үшін ғана пайдаланылады. Осыған байланысты, реестрдің барлық қызметтері үшін бір реттік пароль пайдалану үшін электрондық-сандық қолтаңбалардан бас тарту жалғасуда”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз