«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында сарапшы топ отырысы болып өтті

0
158

Ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев пен Қазақстан xалқы бас ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың Және жобаның ұйымдастырушыларының қатысуымен «Қазақтың 100 жаңа есімі» жобасы бойынша сарапшы топтың кезекті отырысы болып өтті.

Елбасы ұсынған Руxани жаңғыру бағдарламасының аясында ұйымдастырылған бұл жоба өнер-білімімен, ерекше қасиетімен дараланған талантты азаматтарды айқындайтын жоба.  Жаңа есімдерді анықтауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен тұрғындар жобаға қатысуға ниет білдірген.

Қатысушылардың өтініші 2017 жылы 7 маусым мен 15 қыркүйек аралығында қабылданды. 3 айдан аса уақтта El.kz порталына 3000-нан аса Қазақстан азаматтары  «Қазақстанның 100жаңа есімі» жобасына қатысуға өтініш білдірген.

Қазіргі таңда олардың арасында іріктеу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта болатын жобаға 300 жаңа есім іріктеліп алынатын болады.

Министр Дәурен Абаев «қатысушыларды іріктеуден бөлек олардың табыстарының тарихын ақпарат құралдарына жан-жақты көрсете білу де аса маңызды. Сонда ғана бұл шара тәрбиелік әрі идеологиялық тұрғыдан жемісті болады» дейді.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жобаны іске асыру мақатында көптеген  жүйелі шараларды қолға алды. Атап айтсақ «Қазақстанның 100жаңа есімі» жобасына үміткерлер туралы деректі филмдер циклі түсірілімді бастап кетті. Отырыс барысында «Астана» телеарнасы түсірген деректі фильмнен қысқаша үзінді ұсынылды.

Іріктеуден өткен қатысушыларға қазан айынан бастап бір ай бойы  100 esim.el.kz порталы арқылы онлайн режимде дауыс беру жүйесі іске асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз