Cтатистика: Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 10,9 пайыз өскен

0
214
Photo: turkistantimes.kz

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы тамыз аралығы) 10,9% өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер және жаңа жиналған көкөністер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттаған, қант керісінше арзандаған.

2020 жылғы тамызда ет өнімдері тобында сүйегі бар жылқы етіне орташа баға килограмына 2210 теңгені (2019 жылғы тамызда – 1933 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1940 теңгені (1648 теңге), сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне – 1909 теңгені (1713 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1567 теңгені (1416 теңге), тауықтың сан етіне 821 теңгені (812 теңге) көрсеткен.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы тамызда килограмына 211 теңгені көрсетсе, 2019 жылы тамызда 233 теңге болған.

2020 жылғы тамыздағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің орташа бағалары

Қазақстан бойынша орташа баға Баға Қалада тіркелген
2019 жылғы тамыз 2020 жылғы тамыз ең төменгі ең жоғарғы ең төменгі баға ең жоғарғы
баға
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан 140 152 132 182 Алматы Түркістан
Күріш 374 376 265 597 Қызылорда Ақтау
Қарақұмық жармасы 241 403 302 528 Қарағанды Атырау
Сұлы жармасы 346 382 226 551 Қарағанды Атырау
Сөк 348 367 205 567 Ақтөбе Атырау
Сүзбе 1 551 1 647 1 206 2 242 Петропавл Атырау
Қаймақ 1 065 1 149 833 1 451 Талдықорған Атырау
Айран 286 307 238 376 Талдықорған Атырау
Пастерленген сүт 243 264 203 298 Талдықорған Нұр-Сұлтан
Мәйекті ірімшік 2 685 3 009 2 351 3 809 Тараз Нұр-Сұлтан
Тұздалмаған сары май 2 220 2 612 2 150 4 201 Павлодар Ақтау
Күнбағыс майы, литр 434 447 399 493 Петропавл Ақтау
Жұмыртқа, ондық 248 282 213 373 Петропавл Алматы
Тұз 53 53 41 57 Ақтөбе, Орал Қостанай, Нұр-Сұлтан
Алма 378 536 378 693 Түркістан Ақтау
Банан 547 540 365 679 Қостанай Ақтау

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз