Оралу Қоғам Елорданың кей автобустарында жолақы 45 теңге болады

Елорданың кей автобустарында жолақы 45 теңге болады

0
104
Photo: Informburo.kz

Астанадағы №20 бағыттағы 13 автобуста жолақыны VISA картасымен төлеуге болады. 

“Бұл пилоттық жоба. №20 бағыттағы 13 автобусқа кез-келген банктің VISA картасын оқитын валидаторлар орнатылды. Жүргіншілер ертеңнен бастап бұл жүйені пайдалана алады”, – Астана LRT ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов.

 

Айтуынша, сынақ мерзім аяқталғаннан кейін жобаны кеңейтіп, қаланы толықтай қамтуды қолға алады.

Жыл соңына дейін № 20 маршрутта VISA картасымен төлеген жолаушылар үшін жолақы 45 теңге болады.

Informburo сайтының хабарлауынша, картаңызда сымсыз төлеу (Wi-Fi белгісі) болса, төлем жасау үшін картаны валидаторға тигізу жеткілікті.

“Тексеруді көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жүргізеді. Олардағы терминалдарды біз жүйеге икемдеп қойдық. Олар VISA картасымен өткізілген төлемді де көре алады”, – деді Астана LRT ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз