Еуропалық үлгідегі жол белгілері орнатылады

0
204
Еліміз жолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында замануи әдістерді қолдануға көшті.
2013 жылдың соңында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті былай деген болатын:  «Әлем бойынша біз жүрек-қан тамырлары ауруларының өлім көрсеткіші бойынша бірінші орындамыз, ал жол-көлік оқиғалары бойынша екінші орынды иеленіп отырмыз.
Қазақстан жолдарында жол апатынан орташа есеппен жылына 32 000 адам көз жұмады екен. Егер әлем болып көз тіккен Ауғанстан соғысындағы КСРО-ның бір ғана армиясы құрамында 15 051 сарбаз қаза тапты десек, бұл көрсеткіштің мәні де мағынасы да өзінен-өзі түсінікті болар еді.

Елімізде алғаш рет Еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздік белгілері қойылды

Қазіргі таңда аталған жол белгілері Жамбыл облысында республика бойынша тұңғыш рет күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және «KAZAUTOZHOL» логотипі бар белгі беру бағаншалары орнатылды.

92

Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында Еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556 км, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567 шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері қараңғы мезгілде жол жиегін жарықтандырумен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы жағдайына назарларын аударып жыпылықтап тұрады.
Мамандардың айтуынша, аталмыш шаралар жүргізушінің жол қозғалысы жағдайына жеңіл бейімделуіне және апаттың алдын алуға үлес қосады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ болашақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз