«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының лауреаты атанды

0
81

«Эйр Астана» әуе компаниясы 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» атағына сегізінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі 2019 жылғы 18 маусымда Ле Буржедегі авиашоуында өтті.

«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «Skytrax — борттық қызмет көрсету бойынша алтын стандарт. Көптеген әлемдік әуе компаниялары кіретін аймақтық санатта сыйлықты қайта алуға қуаныштымыз. Қызметімізге жоғары баға берген жолаушыларымызға және ерен еңбектері мен кәсіби біліктілігі үшін әріптестеріме алғыс білдіремін».

Тәуелсіз және әділ Skytrax сауалнамасы жолаушылардың әуе компания қызметіне қанағаттанушылығын өлшеу мақсатымен 19 рет өткізілді. Бұл авиация саласындағы «Оскар» іспетті жүлде. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін 21 миллионнан астам 100 ұлтты жолаушылар 300 әуе компанияның жердегі және борттағы қызмет көрсету туралы сауалнамаға қатысып, тіркелу, отырғызу, салон тазалығы мен ыңғайлылығы, тағамдар мен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен әуе компаниялардың борттық қызметіне баға берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз