Латын графикасында жалпыхалықтық диктант жазу басталды

0
704

14 қараша күні қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша алғашқы жалпыхалықтық диктант басталды. Диктант Қазақстанның бірнеше қаласындағы жоғары оқу орындарының арнайы жабдықталған аудиторияларында өтіп жатыр. Диктант сағат 11-де басталып, 11:30-да аяқталады. Көпшілік қатысатын шара жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгеруге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыда диктант жазылатын орындардың бірі – Қазақстан-Британ техникалық университетіне диктант жазуға 400-дей адам келген. Диктант жазуға негізінен Алматы қаласы мен Алматыдағы сегіз аудан әкімдігінің қызметкерлері және студенттер қатысып отыр. Диктант басталар алдында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары ережелерді түсіндірді.

Ұйымдастырушылар диктант соңында дұрыс варианты шығатыны, әркім өз жазғанын тексеретінін айтты.

Сурет: Азаттық радиосы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жыл басында жасаған мәлімдемесінде үкіметке 2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді және қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырған. Бұдан соң латын графикасындағы әліпбидің екі нұсқасы таныстырылып, екеуі де сынға ұшыраған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 ақпанда қаулы қабылдап, латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпби нұсқасын бекіткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз