Нұр-Сұлтанда күн суытады

0
123
Сурет елорда әкімдігіне тиесілі

Нұр-Сұлтанда 18-20 сәуірде күн суытып, көктайғақ болады, тұман түсіп, жауын-шашын жауады. Бұл туралы қалалық әкімдік Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша ертең қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауады. Түнде оның жылдамдығы 9-14, күндіз 5-10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз 0°С шамасында.

19 сәуірде көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбық жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -3…-5°С, күндіз +6…+8С көрсетеді.

20 сәуірде де күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 7-12 м/с құрамақ. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С шамасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз