Полицейлер киетін жаңа форма үлгілері жарияланды

0
503
Сурет: @mvd.kaz инстаграм парақшасынан

19 желтоқсан күні Қазақстан ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасын жариялады.

ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Министрлік “бұрынғы форма заманауи талаптарға сай келмейді. Қазіргі жаңа үлгі қолайлы әрі тартымды” деп санайды.

Ішкі істер министрлігі жаңа форма үлгісін халықтың талқылауына ұсынып, азаматтардан белсенділік танытуды сұрады.

Қазанда Қазақстан ішкі істер министрлі Қалмұханбет Қасымов полицейлер киетін форманы жаңаратынын айтқан. Ол қазіргі форма тым ресми, жұмыста тым ыңғайсыз екенін айтқан.

“Біздің форма көбіне кеңсе қызметкерлерінің формасы сияқты. Бізге далада жүргенде ыңғайлы болатын форма керек. Бірыңғай болуы керек, климат жағдайымыз да әр түрлі. Қазір осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз”, – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз