Республика даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

0
26
Сурет: Astana.gov.kz

19-21 шілде күндері жол жөндеу жұмыстарына байланысты Елордадағы Республика даңғылында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Бөгенбай батыр даңғылынан бастап А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады. Сондай-ақ, 09:00-ден бастап Республика даңғылы – Ә. Жәнгелдин көшесі, Республика даңғылы – С. Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап – Республика даңғылы – Абай даңғылы, 21:00-ден бастап – Республика даңғылы – Кенесары көшелерінің қиылысында өту жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түңгі уақытта) жүргізілетін болады. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және тәулік бойы жүргізілетін жұмыстарға қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз