Шымкентте нан неліктен қымбаттады?

0
240

Шымкентте нан бағасы 10-15 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Араға уақыт салып қаладағы “Нан қауымдастығы”өкілдері нанның бағасы тұрақтағанын мәлімдеді.

Қауымдастық төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың айтуынша, бірнеше жыл бойы коммуналдық қызмет тарифтері заңды тұлғалар үшін өсті (2016 жылдан бастап су 24,7 пайызға, электр энергиясы 27,2 пайызға қымбаттады), сондай-ақ, ЖЖМ бағасы өскен (АИ-92 – 25,2 пайызға, дизель – 105,01 пайызға), ал наубайхана әкімдікпен келісім бойынша нанның бағасын тұрақты ұстап тұрған.

Әкімдіктің хабарламасы бойынша, 17 қыркүйекке дейін бөлке нанның бағасы 50 теңге болған.  Шымкент қаласының кәсіпорын және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бастығы Әсет Әбдірахановтың айтуынша, қала әкімшілігі күнделікті нан бағасына мониторинг жасап отырады.  “Қауымдастық өкілдерімен бірнеше рет келіссөз жүргізгеннен кейін нан бағасын нарықтамаға сай қоюға келістік. Қазіргі кезде бір бөлке нан 60 теңге тұрады. Әкімдік тарапынан ай сайын өнім бағасына мониторинг жүргізіледі. Былайша айтқанда, әкімдік нан бағасының бұдан әрі көтерілуіне жол бермейді”, – деді Әбдіраханов.

Tengrinews.kz таратқан ақпаратқа сәйкес Шымкент қалалық әкімдігінің өкілдері елдегі нанның бағасы ең төмен қаланың бірі Шымкент екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз