Өткен жылы өрттен неше адам қаза тапты?

0
122

Бүгінде елдегі өрт мәселесі күрделі жағдайда. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қабылдап жатқан шаралары айтарлықтай нәтиже бермеген. Өткен жылы 15 мыңға жуық өрт оқиғасы тіркелді. 2018 жылы тілсіз жау салдарынан 800 ден астам адам зардап шегіп, оның ішінде 434 адам көз жұмды. Тікелей өрттен келген залал 3 млрд теңгеден асты.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов: “Өткен жылы Атырау облысынды өрттен қаза болғандар саны екі есеге артты. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысында 25 пайызға, Жамбыл облысында 8 пайызға артты. Өрттің шығу салдары көбінесе тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамауыан туындайды”

Министрдің мәлімдеуінше 2019 жылдың басынан бері тілсіз жау салдарынан 4 ақпанда өрттен қаза тапқын бір отбасының 5 қыз баласын қосқанда 18 адам көз жұмған.

“Қазіргі уақытта елде министрлік тарапынан әр отбасында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр”, дейді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз