ТМД елдеріндегі COVID-19 індетінің ахуалы

0
107

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 11,5 миллионнан асып, 535 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал, Джонс Хопкинс университетінің 8 шілдедеге жасалған тұжырымдамасы бойынша, әлемде 11,79 миллионнан астам адам аталған індетті жұқтырып, олардың 543 мыңнан астамы қайтыс болған.

Ал, ТМД елдеріндегі COVID-19 індетінің ахуалына келер болсақ, ресми ақпараттар бойынша Қазақстанда бүгінгі таңда жұқпалы ауруға шалдыққандардың саны 52 435 ке жетті. 8 шілдеге дейін 29 147 адам індеттен айыққан болса, бүгінгі күні 22 393 адам әлі де ауырып жатыр. Жұқпалы аурудан көз жұмғандардың саны 264-ке жетті. 

Ресейде 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 694230 
  • Сауыққандар: 463880
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 219856 (Олардың 2400-ге жуығы ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 10494

Өзбекстанда 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 10 838 
  • Сауыққандар: 6811
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 3986 (Олардың ішінде 37 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 41

Қырғызстанда 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 8486
  • Сауыққандар: 2983
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 5391 (Олардың ішінде 24 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 112

Украинада 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны:50 414
  • Сауыққандар:  23 119
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны:  25 989 (Олардың ішінде 91 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 1306 

Тәжікстанда 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны:6315 
  • Сауыққандар: 4965 
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 1297
  • Қаза тапқандар: 53

Әзірбайжанда 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 21 374
  • Сауыққандар: 12 635
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 8474 (Олардың ішінде 66 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 265

Белорусия 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 64 003
  • Сауыққандар: 51 902 
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 11 665 (Олардың ішінде 89 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 436

Арменияда

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 29 820
  • Сауыққандар: 17 427  
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 11 872 (Олардың ішінде 10 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 521

Молдовада 

  • COVID-19 індетін жұқтырғандар саны: 18 141
  • Сауыққандар: 11 241  
  • Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың саны: 6297  (Олардың ішінде 391 науқас ауыр халде)
  • Қаза тапқандар: 603

Түркіменстан– ТМД елдері арасында өз аумағында COVID-19 індетін ресми түрде жариялаудан бас тартқан жалғыз мемлекет. 

Алайда елдегі медицина қызметкерлері Түркіменстан билігіне COVID-19 індетін жасырып қалу мүмкіндігі қиындап бара жатқанын ескертеді.  Түркімен билігі елде короновирус жоқ дегенімен, есімдерін жасырған жергілікті тұрғындар мен дәрігерлер ауруханаға COVID-19 ауруының белгілерімен түсіп жатқан науқастардың барын және өткен аптада екі дәрігер қаза болғанын айтқан. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз