Тоқаев астана әкіміне тұрғын үй мәселесін реттеуді тапсырды

0
95
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов. Photo: akorda.kz

25 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев астана әкімі Алтай көлгіновты қабылдап 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, баспана кезегінде тұрған азаматтар мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтары үшін 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар президентке үлескерлердің проблемасын шешу және бітпей қалған тұрғын үйлердің құрылысына қатысты ахуалды реттеу жайында мәлімет берілген.

Мемлекет басшысы жұмыспен қамтудың жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде, мектептер мен оңалту орталығын салу, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді, тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарды абаттандыру сияқты жұмыстарды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өткен.

Бұдан бөлек, кездесуде инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету мәселелеріне баса мән берілген.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті құрылыс секторындағы жұмыстардың көлемін арттыру, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шұғыл шешу, сондай-ақ, жұмыссыз қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз