Тоқаев қазақстандықтарды елдегі басты мәселелерді атауға шақырды

0
172
дереккөзден

Қазақстан президентінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев “Бірге” атты акцияның басталғанын хабарлады. 13 мамырдан 7 шілдеге дейін қазақстандықтар елдегі қай мәселені әлдеқайда өзекті санайтындарын жеткізе алады.

Бұл турасында “Нұр Отан” партиясының хатшысы Мәулен Әшімбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жазды.

Әшімбаев акция аясында елдің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білідіріп, “дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тікелей қатыса алады”, – дейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар қай міндерттерді маңызды санайды соны алға тарта алатындарын атап өтіп, бар ұсыныс қаралып, сарапталатынын алға тартты. Тоқаев өзі президент сайлауында жеңіске жетсе, қазақстандықтар атап өткен мәселелерді шешуге күш салатынын айтты.

Қазақстан президентін сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Үгіт-насихат жұмыстары 11 мамырда басталды.

View this post on Instagram

Бүгін еліміз бойынша Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшін «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады. Соның аясында еліміздің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білдіріп, дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тікелей қатыса алады. Бұл – әр қазақстандыққа еліміздің күн тәртібін қалыптастыруға үлес қосу үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Сондықтан әрқайсыңызды ертеңгі күнімізге бейжай қарамай, тың бастамаға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Еліміздің кемел келешегін #BIRGE жасайық.

A post shared by Маулен Ашимбаев (@maulen_ashimbayev) on

View this post on Instagram

Принять участие в формировании программы кандидата в Президенты может каждый избиратель. Касым-Жомарт Токаев объявил общенациональную акцию "BIRGE" по сбору предложений и пожеланий граждан. Обратиться к Кандидату можно через его общественные приемные, активистов мобильных агитационных групп, а также через специальный сайт Республиканского общественного штаба www.toqaev2019.kz #ToқaeV – благополучие для всех! #ТоқаевтыТаңдаймыз #ЗаТокаева #ТоқаеV #ТокаеV #БіздіңКандидат #НашКандидат #БіздіңҚұрам #НашаКоманда #сабақтастық #преемственность #әділдік #справедливость #өрлеу #прогресс

A post shared by Маулен Ашимбаев (@maulen_ashimbayev) on

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз