Заң бұзушылықтар мен қылмыс жасағандарды ақшамен жазалау керек – Назарбаев

0
147

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі абақтылардың санын азайту мәселесі туралы айтылған ұсыныс пен тұжырымдамаларды ескере отырып, елдегі заң бұзушылықпен қамауға алынған азаматтарды ақшамен жазалау керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті: Сәуле Мектепбаева да (форумда сөз сөйлеген спикер) мені алаңдататын түрмедегі адамдардың санын азайту туралы мәселені көтерді. Бұл ретте мемлекеттің жұмысын ерекше атап өту керек. Яғни, мемлекет әрбір қылмыс үшін жазаны түрмеде отырғызу тұрғысында заңды өзгертті. Біз білетіндей, түрмеден адамның қандай болып шығатыны белгілі…

Біз ол жерде адамды тәрбиелеудің орнына, басқа бағытқа итермелейміз. Міне, сондықтан бизнестегі заң бұзушылықтар мен шағын қылмыстар үшін ақшамен жазалау керек. Біз заңнаманы осылай өзгертудің арқасында түрмедегілердің саны азайды. Жұмыстарды жалғастыру керек. Осының арқасында қаншама түрмелер, қалған түрмелерді осының арқасында жөндеуден өткізуге де мүмкіндік туды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз