Жаңа заң: Жүргізуші куәліксіз көлік қолдана алады

0
19

Мәжіліс депутаттары жол қозғалысы туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.

Жаңа заң бойынша жүргізуші өзінің куәлігі мен көліктің тіркеу құжатын өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Бұл құжаттар ішкі істер органдарының мәліметтер базасында тұрады. Полиция қызметкеріне қажет болған жағдайда мәліметтер базасына кіріп, бар-жоғын тексере алады. 

“Заң жобасы ел президенті жүргізушілердің Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжаттарының болмауы үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау туралы нұсқау бергеннен кейін пайда болды”, – деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Айта кетейік, кейінгі 10 айда құжаттарын ұмытып кеткен 150 мың жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды. 

Жаңа заң шетелдік жүргізушілер мен көліктерге қатысы жоқ. 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз