Жалақыны көтеруге 144 млрд теңге бөлінеді

0
128

Тұңғыш Президент – Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, 2019 жылдың 1 маусымнан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құрады. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап – 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21% құрады.

Айта кетерлігі, жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін  азаматтық қызметшілерге қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз